T-Newspaper

Отандық ғылым дамуының жаңа кезеңі

Елімізде ғылымды дамытуға 2023-2025 жылдарға 3 млрд теңге бөлінсе, 2024-2026 жылдарға арналған қаржыландырудың жалпы сомасы 9 млрд теңгені құрап отыр. Яғни, үш есе көп қаржыландыру жүзеге ас­пақ­шы. Сонымен қатар, ғылыми және ғы­лыми-техникалық жобалар бойынша жас ғалымдарды гранттық қаржыландыруға арналған жобаларға бөлінетін қаражат сомасы бірнеше есе артқанын білеміз.

Бүгінгі таңда өркениетті мемлекетті бағалау үшін ғылым мен білімнің, мәдениеттің дамып жатқан көрсеткіштеріне көз жүгірту керек. Қазір еліміз білім мен ғылым саласын дамытуға баса аударып отыр. 

– Адамзат тарихындағы жетістіктің бар­лығы – білімнің жемісі. Әсіресе қазіргі озық тех­нология дәуірінде ғылымсыз алға басу мүм­кін емес. Сондықтан мен ғылымды да­мы­ту ісіне айрықша мән беріп отырмын. Себебі ғы­лымды дамыту – мемлекет саясатындағы ең маңызды бағыттың бірі, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев Ғылым және технологиялар жөніндегі Ұлттық кеңестің алғашқы оты­ры­сында сөйлеген сөзінде. Осыған орай Пре­зи­дент 2025 жылға дейін ғылымға бөлінетін қар­жыны ішкі жалпы өнімнің 1 пайызына жеткізуді міндеттеп қойды. 
Былтырдан бері отандық ғылымның да­муындағы жаңа кезең басталды деп айтсақ болады, себебі елімізде 1 200-ге жуық ғалым грант жеңіп алғанына немесе алмағанына қа­рамастан жалақымен қамтамасыз етілетін болды. Ал бұл қаржыландыру ғалымдардың үздіксіз ғылыми жұмыстарын атқаруға үлкен мүм­кіндік болып отыр. Сонымен қатар, грант­­­тық және мақсатты қаржыландыру бар. Соңғы жылдары ғылымды қаржыландыру екі есе өсті. Ұлттық ғылым академиясы ғалым­дардың қаржы мәселесіне қатты мән беріп, ғылымды дамыту үшін барын салып жатыр. Мұндай қаржыландырулар болмаса, жас ға­лымдарды ғылым саласында ұстап тұру бір­шама қиындық туғызар еді. Сонымен қа­тар Ғылым және жоғары білім ми­нистр­лігінің ұлт­тық бағдарламаларға қатысатын ғалым­дар­дың 40 пайызы жастар болуы керек деген  бас­тамасы көңілге қуаныш ұялатады. Бұл – бір. 
Екіншіден, орта жастан асқан академик-про­фессорлардан бөлек, жас ғалымдарға грант жарияланып, «Жас ғалым» жобасы жү­зеге асуда, шетелдік университтермен бірі­гіп жобалар жасау, нәтижесінде PhD док­то­рантура курсын тәмамдап, диссертациялық жұмысын қорғап үлгермеген жас ғалымдар өз ғылыми бағыты бойынша жобалар ұсы­нып, оң шешімін тапса шетелде тағылымдама­дан өтіп, стипендиямен қамтамасыз етіліп, ғылыми жұмысын диссертациялық кеңесте қорғауына таптырмас мүмкіндік. Ғылыми жұ­мысын 3 жылдың ішінде қорғап шығу екінің бірінің қолынан келе бермейді. Шет­елдік жоғары деңгейлі университеттерді қара­сақ, олар он жылдың көлемінде қорғап жатады және соған сәйкес қаржылан­дыры­лады. Біз де осы жүйеге ақырындап жақындап келеміз. Осы бағытта елімізде жыл сайын 1 000 грант бөлініп отыр. Сонымен қатар жыл сайын 500 ғалым әлемнің жетекші ғы­лы­ми ор­талықтарында тағылымдамадан өтеді. 
Елімізде ғылымды дамытуға 2023-2025 жылдарға 3 млрд теңге бөлінсе, 2024-2026 жылдарға арналған қаржыландырудың жалпы сомасы 9 млрд теңгені құрап отыр. Яғни, үш есе көп қаржыландыру жүзеге ас­пақ­шы. Сонымен қатар, ғылыми және ғы­лыми-техникалық жобалар бойынша жас ғалымдарды гранттық қаржыландыруға арналған жобаларға бөлінетін қаражат сомасы бірнеше есе артқанын білеміз. 
1991-2000 жылдары еліміздегі ғылыми қыз­меткерлердің саны екі есеге жуық қыс­қарған болса, бүгінде мемлекет тарапынан ғы­лымға үлкен қолдау көрсетілудің арқасын­да ғалымдар саны арта түсуде. Және айта ке­тетін тағы бір мәселе, осы уақытқа дейін ғы­лыми жобалар мен бағдарламаларды қар­жы­ландыру ұзақтығы үш жылдан аспайтын болса, соңғы жылдары ол бес жылға дейін ұзар­тылды. Кез-келген салада ғылыми тәжі­ри­белер жасау ұзақ мерзімді талап ететіні анық. Себебі, әрбір ғалымның ашқан немесе аша­тын жаңалығы инемен құдық қазғандай. Осы ретте бес жылдық жобалардың нәтижесі нақ­тырақ болары анық. 
Өткен жылы Білім және ғылым ми­нистрі­нің «Дәрежелерді беру қағидаларын бе­кіту туралы» бұйрығына өзгерістер енгі­зіл­ген болатын. Осы бұйрықтың негізінде қазақ ті­лі мен әдебиетіне, қазақ филологиясына, Қа­зақстан тарихына, қазақ философиясына қа­тысты білім беру бағдарламалары бойынша оқи­тын докторанттар үшін Scopus деректер базасындағы журналдарға мақала жариялау міндетті емес болып танылды. Оның орнына Ғылым және жоғары білім министрлігі ғы­лыми қызметтің нәтижелерін жариялау үшін ұсынылатын басылымдар тізбесіндегі ғы­лыми журналдарға бес мақала жариялайтын бол­ды. Бұл ғылыми бағытта тіл маманда­ры­ның қызмет атқаруына зор көмегін тигізуде. 
Ғалымдардың баспана мәселесі де ше­ші­мін тауып келе жатқандай. Елімізде жас ға­лым­­дарды қолдау мақсатында Ғылым және жо­ғары білім министрі Саясат Нұрбектің ұсы­­нысымен жас ғалымдар баспанамен қам­та­масыз етіледі. Ол үшін жаңа бағдарлама ұсы­­нылды. «Отбасы» банк пен Ғылым және жо­­ғары білім ми­нистр­лігі арасында қол қойыл­­ған келісім аясында, 2023 жылғы 1 жел­тоқсаннан бастап ғалымдар жеңілдетіл­ген не­сиемен өтініш бере бастады. Бағдарлама ғы­­лыми ұйымдар мен жоғары және ЖОО-дан кейінгі білім беру ұйымдары­ның жас ғалым­дарына 5 жыл бойы қолжетімді шарт­тармен тұр­ғын үй алу мүмкіндігін беретін бол­ды. Бұл – ғылым саласында жүрген жас­тарға үл­кен мүмкіндік. 
Жыл сайын үздік ғалымдарды қолдау мақ­сатында министрліктен берілетін  «Үздік зерттеуші» байқауын да атап өтуге болады. Байқаудың иегері 6 миллион теңге көлемінде бір реттік стипендия алады.  
Мемлекет басшысы айтқандай, ғылым­ның жаңа үлгісі мемлекет пен бизнестің әріп­тестігіне негізделуге тиіс, бұл әлеуметтік-эко­номикалық мәселелерді шешуге мүм­кіндік береді. Бұл елімізде Қаныш Сәтбаев, Әлкей Марғұлан сияқты ғұламалардың жо­лын қуатын ғалымдардың жаңа буыны қа­лыптасатынына әсер етері сөзсіз. 

 Гүлбану Жақсылықова,
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,
Физикалық химия, катализ және мұнайхимия кафедрасының
 доценті