T-Newspaper

61 мыңнан астам құқықбұзушылық анықталды

Сондай-ақ бейнебақылау каме­ра­ла­ры­ның көмегімен 125 қылмыс ашылды.

Ішкі істер министрлігі «Құқықтық тәртіп» жедел-профилак­тикалық іс-шарасының қорытындысын жариялады.  14 мыңға жуық полиция қызметкері мен Ұлттық ұланның әскери қыз­мет­кері жұмылдырылған шара барысында бейнебақылау кө­мегімен 125 қылмыс ашылды. 

10 күн ішінде іздеуде жүрген 71 адам ұста­лып, белгіленген тұрғылықты же­ріне кел­меген 24 сотталған азамат анық­талды. Ар­найы қабылдау-тарату ор­нына 661 адам ор­наластырылған. Олар­дың арасында тұр­ғылықты жері жоқ адамдар, құжаттары жоқ шетел­дік­тер де бар.
Рейд барысында тыйым салынған зат­тарды заңсыз сақтау мен алып жүру­дің 362 фактісі анықталған. Оның ішін­де 92 келі есірткі, 35 атыс қаруы жә­не 161 суық қару тәркіленген. 

Сондай-ақ бейнебақылау каме­ра­ла­ры­ның көмегімен 125 қылмыс ашылды.

«Құқықтық тәртіп» іс-шарасы ке­зін­де жалпы 61 мыңнан астам құқық­бұзу­шылық анықталды. Қоғамдық тәртіпті бұз­ған 18 мың адам жауапқа тартылды. Уақыт­ша бейімдеу орталықтары мен медициналық айықтырғыштарға 5 мың адам жеткізілді. Көшеде және ойын-сауық орындарында заңды өкілдерінсіз түн­гі уақытта болған 7 мыңға жуық кә­мелетке толмаған бала анықталды.