Түгел түркі

Су тасқыны: Түркі елдері Қазақстан халқына қаржылай көмек көрсетеді

Бұл туралы Қазақстан халқы мен билігіне арнайы үндеу жолдаған Ұйымның Бас хатшысы Сұлтан Раев мәлім етті.

Халықаралық ТҮРКСОЙ түркі мәдениеті ұйымы Қазақстандағы су тасқынынан зардап шеккендерге қаржылай көмек көрсетеді. Бұл туралы Қазақстан халқы мен билігіне арнайы үндеу жолдаған Ұйымның Бас хатшысы Сұлтан Раев мәлім етті.

Сұлтан Раевтың мәлімдемесі ұйымның ресми сайтында жарияланған.

Айта кетейік, Түркі мәдениетін және өнерін дамыту халықаралық ұйымы 1993 жылы құрылған. Оған алты мемлекет мүше.