T-Newspaper

Чехияда қамшыны насихаттап жүрген қазақ

Мен қамшы өруді осында өз бетімше үйрен­дім.

Бүгінде ұлттық брендімізге айналған қымыз бен қазы-қартаны Еуропада, соның ішінде Германияда бізден кем емес әзір­лейтін мамандар бар екенін естіп жүр­міз. Сол секілді ұлттық нақыштағы киімдер мен зергерлік бұйымдарды елден ғана емес, сыртта жүріп-ақ сатып алуға болады. Мы­са­лы, Америкада тұратын Ажар есімді қыз та­қия мен қазақша сөздер кестеленген ху­дилер тігеді. Анкарада бір топ маман дом­быра жасап, сатады. Швейцарияда текемет то­қитын қандасымыз тұрады. Жуырда Чехияда қамшы өретін қазақ тұратынын естіп білдік.

1996 жылдан бері көлік жөндеумен айналысамын

Нұрлан Бейсекеев – Қарағанды об­лысы Бұ­қар жырау ауданындағы Пушкино (қазіргі Ақбел) ауылында дүниеге кел­ген. Содан соң сол ауданға қарасты Пет­ров­ка елді мекенінде мектеп табалдырығын ат­таған. Онда шаруашылық агрономы бо­лып еңбекке араласқан ол тоқсаныншы жыл­дардағы тоқырау салдарынан ауылды артқа қалдырып, қалаға қоныс аударған.

Елде басшылық қызмет атқарған Нұр­лан­ның шетелге жұмысқа келуіне не түрткі болғаны бәрімізді қызықтыратыны анық. Көрген-білген ойға азық екенін алға тарт­қан ол мұнда көпшілік ойлағандай саяхат­тау­ға емес, жұмыс істеуге келгенін айтады.

Қамшы өруді өз бетімше үйрендім

Нұрланның қамшы өретінін естіген біз оның Қазақстанда жүріп үйрен­ген болар деп ойласақ, қателесіппіз.

Нұрланның бұл шеберлігі туралы Чехиядағы белсенді қазақтар ғана бі­леді. Сыртта жүріп, төл мәдениетімізді дә­ріп­теп жүрген бір топ жас Прага алаңын­да өтетін түрлі мәдени ивенттерге Нұрланды да жиі шақырады екен.

Праганың үлкен алаңында қамшы өруден шеберлік сыныбын өткіземін

Оның қамшы өретінін Чехиядағы қазақтар ғана біледі. Аз сөйлеп, көп әрекет еткенді құп көретін ол көпшіліктің көзіне түскенді ұнатпайтын секілді. 

13-сәуір күні Qazaq Nomad қауымдас­ты­ғы­ның бастамасымен Праганың Панк­рач атты үлкен саябағында Наурыз мере­ке­сі тойланбақ. Нұрлан кемі 500 адамның ба­сын қосуды көздеп отырған бұл ивентте көпшілікке қамшы өруден шеберлік сыныбын өткізбек.

Әзірлеген

Әлия ТІЛЕУЖАНҚЫЗЫ