Жаңалықтар

Бүгін Алматының таулы аймақтарында қатты жел соғады

Бұл туралы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті мәлім етті.

Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаменті Қазгидрометтің дауылды ескертуінің негізінде 29 наурызда Алматы қаласының таулы аймақтарында қатты жел соғатынын ескертті.

Алматы қаласы ТЖД-ның мәліметінше, егер тауда болсаңыз, мұқият болып, ауа-райының өзгеруін қадағалаған жөн.

Үйге қайтуды тәуліктің кешкі уақытына қалдырмау керек, себебі, кері бағытты таба алмауыңыз мүмкін.

Рюкзактарда келесідей қажетті заттар болуы тиіс: жылы киімдер, күтпеген жағдайда дәрігерге дейінгі көмек көрсетуге арналған дәрі қобдишасы, GPS навигаторларының болуы артық болмайды.