Жаңалықтар

Арқалық қаласына қарасты екі ауылды су басты

Су басқан аумаққа қайық және тікұшақпен ғана жетуге болады.

Арқалық қаласына қарасты Екідін және Қызылжұлдыз ауылдары қарғын судың ортасында қалды, деп хабарлады turkystan.kz 24.kz телеарнасына сілтеме жасап.

Соңғы тәулікте бұл аумақта су деңгейі екі метрден асты. Су басқан аумаққа қайық және тікұшақпен ғана жетуге болады. Осы уақытқа дейін Қызылжұлдыз ауылынан жүз шақты адам қауіпсіз жерге көшірілді. Бірінші кезекте балалар мен әйелдер  эвакуацияланды.  Барлығы көрші Қайыңды ауылына орналастырылды.  Одан бөлек су ортасында қалған қыстақтардан 24 адам шығарылды.  Ресми мәліметке сүйенсек, Екідінде 240, Қызыл жұлдызда 185 адам тұрады.