Экономика

"Қазақстанда шұлық шығаратын жалғыз орта кәсіпорын бар": депутат саланы дамытуға байланысты ұсыныс айтты

Қайрат Балабиевтің айтуынша, импорттық тауарлар өте арзан бағада болғандықтан, жоғары сұранысқа ие. Сол себепті отандық өндірушілер импорттық өнімдермен бәсекелесе алмайды.

«AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Қайрат Балабиев Премьер-Министрдің Бірінші орынбасары Роман Склярға депутаттық сауал жолдап, жеңіл өнеркәсіптегі өзекті мәселелерді көтерді.

Қайрат Балабиевтің айтуынша, импорттық тауарлар өте арзан бағада болғандықтан, жоғары сұранысқа ие. Сол себепті отандық өндірушілер импорттық өнімдермен бәсекеге түсе алмайды. Импорттық өнімнің басым бөлігі төмен баждармен әкелінеді. Бұған Қазақ-Қытай шекарасындағы экономикалық және контрабандалық сипаттағы құқық бұзушылықтар да ықпал етеді.

Бұдан басқа, отандық кәсіпорындар сапалы шикізатқа, сондай-ақ Қазақстанда өндірілмейтін шикізатқа мұқтаж және ішкі нарыққа жеткізілетін өнімнің құнына 12% көлемінде салық төлейді. Мұның бәрі отандық өнімнің түпкілікті бағасы қымбатқа түсуіне әкеп соғады.

Үкімет жеңіл өнеркәсіптің даму жолындағы тосқауылдарды жою және оған жан-жақты қолдау көрсету арқылы импортты алмастыру сондай-ақ, оған тәуелділікті азайту жолдарын қарастыруы қажет екенін айтқан ол мынадай нақты мәселелерді шешуді ұсынды: