Руханият

Елордада «Ұлттық аспаптар әлеміне саяхат» кеші өтті

Іс-шарада оқушылар көптеген шығарманы кәсіби сазгерлердің орындауында тыңдады

16 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні. Осыған орай, Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік Академиялық филармониясында «Ұлт аспаптар әлеміне саяхат» атты іс-шара өтті, деп хабарлады turkystan.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Іс-шарада «Сарыарқа» халық музыкалық ансамблі және оның көркемдік жетекшісі мәдениет саласының үздігі Тоғжан Жахин оқушыларға шеберлік сабағын өткізіп, әртүрлі фольклорлық аспаптар туралы мәлімет берді. Мәселен, жиі тыңдай бермейтін адырна, жетіген, саз сырнай, сырнайдың түрлері, қобыз және нар қобыз, домбыра және оның түрлерімен танысты. 

Іс-шарада оқушылар қазақ халқының халық музыкасы туралы көп мәлімет алумен қатар, көптеген шығарманы кәсіби сазгерлердің орындауында тыңдады.