T-Newspaper

Кредит рейтингі және тұрақтылық

Жеке адам сияқты, әр елдің өз кредит рейтингі болады. Бұл – мемлекеттің қаржылық тұрғыдан сенімділігі мен қарызды қайтару қабілетін көрсететін индикатор. Ал кредит рейтингі халықтың күнделікті өміріне және жалпы елдің экономикалық әл-ауқатына қалай әсер етеді? «BBB–» деңгейі дегенді қалай түсінуге болады? Осы сұрақтарға жауап іздеп көрейік.

Өткен аптаның аяғында S&P Global Ratings халықаралық рейтинг агенттігі Қазақстан бойынша елдік шолуын жаңартты. Жүргізген талдаудың нәтижелері еліміздің кредит рейтингі «тұрақты» «BBB–» деңгейінде деген болжамды растады. Бұған дейін Moody’s пен Fitch рейтинг агенттіктері де осы деңгейде растаған болатын.

Кей сарапшылар бұл жақсы жаңалық екенін айтады, дегенмен бұған келіспейтіндер де бар. Ал S&P сарапшылары мемлекеттік шығыстардың өсуін азайтуға бағытталған бюджет ережелері енгізілуін оң бағалапты.

Жеке адам сияқты, әр елдің өз кредит рейтингі болады. Бұл – мемлекеттің қаржылық тұрғыдан сенімділігі мен қарызды қайтару қабілетін көрсететін индикатор. Ал кредит рейтингі халықтың күнделікті өміріне және жалпы елдің экономикалық әл-ауқатына қалай әсер етеді? «BBB–» деңгейі дегенді қалай түсінуге болады? Осы сұрақтарға жауап іздеп көрейік.

Бюджетті оңтайландыруды оң бағалады

1 наурызда S&P рейтингтік агенттігі Қа­зақстан бойынша егеменді кредит рей­тин­гіне талдау жүргізіп, кредит рейтингі «BBB–» деңгейінде «тұрақты» деген бол­жа­мын растады. Агенттік бұл шешімді қа­был­дауға, ең алдымен, ықтимал сыртқы шок­тарды бейтараптандыратын елеулі сырт­қы резервтердің көлемі мен бюджет тұ­рақ­тылығы негіз болды деп түсіндірген.

Сонымен қатар агенттік сарапшы­лары мем­лекеттік басқарудағы жос­парланған ре­формалар мен эконо­ми­ка­лық реформалар егеменді рейтингтің бол­жамын оңынан көрсететініне де тоқ­тал­ған. Дегенмен қуат көзі мен азық-түлік ба­ғасының әлем бойынша арзандағанына қа­рамастан, инфляция қысымы әлі де сақ­­­­талып отырғанын да айтып өтіпті.

Яғни, сарапшылардың бол­жамы Ұлттық Банктің мақсатымен бір­дей болып тұр.

Сонымен қатар S&P сарапшылары ор­талық банктің дербестігі мен ақша-кре­дит саясатының тиімділігін арттыру мақ­сатында Ұлттық Банктің жаңа несие және экономиканы қолдау бағдарламаларына қа­тыспауға ниетті екенін жеткізген. Со­ны­мен қатар мемлекет шығысының өсі­мін азайтуға бағытталған бюджет ере­желерін енгізілгенін оң бағалаған. Осы­лай­ша, Ұлттық қордан түсетін шығыстар мен трансферттердің өсімін азайтуға ба­ғыт­талған Үкімет жоспарлары мем­ле­кет­тік бюджеттің тапшылығын ұстап тұруға жә­не халықаралық резервтердің деңгейін тұрақ­тандыруға тиіс.

Рейтинг – индикатор

Елдің кредит рейтингі оның эконо­ми­калық тұрақтылығын, саяси жағдайын, қарыз деңгейін, инвестициялық ахуалды және басқаларын қоса алғанда, бір­қатар факторларды екшеу арқылы анық­­талады. Және де рейтинг елдің ин­вес­­тиция тарту, қарыз алу және эконо­ми­ка­сын дамыту қабілетіне әсер етеді.

S&P Global Ratings – әлемдегі ең ірі кре­­дит рейтингін жүргізетін агенттіктің бірі. Бұл агенттік әртүрлі субъектілерге, со­­ның ішінде мемлекеттерге, корпо­ра­ция­лар­ға және қаржы құралдарын саралайды. S&P Global Ratings бағалауын инвесторлар мен несие берушілер инвестиция мен кре­дит­ке қатысты шешім қабылдау үшін пай­даланады. Агенттік бағалауда AAA, AA, A, BBB, сияқты әріптерді қолданады. Бұл рейтингтер субъектінің қаржылық жағ­дайының тұрақтылығын бағалауды және олардың қарыздық міндеттемелерін қай­тару ықтималдығын көрсетеді. Мысалы, AAA белгісі әдетте сенімділіктің жоғары дәре­жесін және ең төменгі кредит сын-қа­терін білдіреді, ал BB немесе одан төмен балл қауіп-қатердің жоғары деңгейін көр­сетеді.

Осылайша, S&P Global Ratings не­сие­лік ұпайы елдердің қаржылық тұрақтылығын және олардың қаржылық мін­деттемелерін орындау қабілетін ба­ға­лаудың маңызды құралы саналады.

Moody’s Investors Service және Fitch Ratings те S&P Global Ratings сияқты, әр­түрлі субъектілерге, соның ішінде мемле­кет­тер, корпорациялар және қаржы құ­рал­дарының кредиттік сын-қатерін ба­ға­лайтын ірі агенттіктерге жатады. Олар инвесторлар мен кредит берушілерге қа­рыз алушылардың қаржылық тұрақты­лы­ғы мен сенімділігі туралы ақпарат беріп, шешім қабылдауда шешуші рөл атқарады.

Рейтинг бізге қалай әсер етеді?

Елдің кредит рейтингі төмендеген кезде, қарыз қаражаты қымбаттай­ды. Себебі инвесторлар сын-қатерді өтеу үшін жоғары пайыздық мөлшерлемені та­лап етеді. Жоғары пайыздық мөлшер­ле­ме­лер мемлекеттік шығындар мен салық­тарға, сондай-ақ кәсіпорындар мен қара­пайым азаматтарға кредит беру шарт­тары­на әсер етуі мүмкін.

Сонымен қатар төмен кредит рейтингі әлеуетті инвесторларды «үркітуі» мүмкін, бұл капитал мен технология ағынының тө­мендеуіне әкеледі. Бұл экономикалық өсім­ді және жаңа жұмыс орындарын құру­ды бәсеңдетуі мүмкін. Сондықтан ел үшін кредит рейтингінде төменгі орындарда болуы дамудың шектеулі мүмкіндіктерін жә­не дағдарыстан шығудың күрделі шарт­тарын білдіруі мүмкін.

Екінші жағынан, жоғары несиелік балл арзан кредит пен инвестицияға қол жет­кізуге жол ашады. Бұл экономикалық өсім­ге, жаңа жұмыс орындарын құруға жә­не азаматтардың өмір сүру деңгейін жақ­сартуға ықпал етеді. Жоғары кредит рей­тингі, сонымен қатар шетелден капи­тал мен технология ағынына ықпал ететін биз­нес пен инвестицияның серіктесі ре­тін­де елге деген сенімділікті арттырады.

«BBB–» деңгейі дегенді қалай түсінуге бо­лады? Рейтингте әрі қарай жоғарылау үшін не істеу керек? Осы сұрақтардың төңі­регінде сарапшы мамандардың пікі­рін білген едік.

Андрей ЧЕБОТАРЕВ,

экономист:

Салық саясатына мән беруіміз керек деп ойлаймын

Арман БЕЙСЕМБАЕВ,

қаржы саласының сарапшысы:

Тек «тұрақты» деген болжам қуантады

Осылайша, елдің кредит рейтингі оның экономикалық дамуы мен азаматтардың әл-ауқатында маңызды рөл атқарады. Оны жоғарылату, тіпті сақтап тұрудың өзі үлкен күш: бұл қаржыны басқаруда стратегия ұстануды, тұрақты саяси жағдайды және экономиканы дамытуды талап етеді. Сонымен қатар азаматтар да өздерінің қаржылық жауапкершілігі және экономиканы қолдаудың әртүрлі бағдарламаларына қатысу арқылы елдің несиелік рейтингіне әсер ете алады.«BBB-» деңгейі жоғары емес екені белгілі, дегенмен осы межені сақтап қалу, «тұрақты» деген баға алу – қазіргі ахуал, геосаяси жағдайында елеулі жетістік екенін де естен шығармау қажет.