Жаңалықтар

Қазақстанда пиротехникалық бұйымдарды тұтынуға қатаң шектеу қою қажет – Нартай Аралбайұлы

Елімізде пиротехникалық құралдарды пайдалану мәселесі не Әкімшілік Кодекспен, не арнайы ережелермен нақты реттелменген.

Бүгін Парламент мәжілісінің отырысында «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі, депутат  Нартай  Сәрсенғалиев Премьер-министрі Әлихан Смайыловқа депутаттық сауал жолдады.

Оның айтуынша, өткен жылдың соңғы күндерінде отшашу салдарынан 15 адамды күйік шалған. Сондықтан депутат елге кіргізілетін пиротехникалық бұйымдарды тұтынуға қатаң тыйым салу қажет екенін жеткізді.

Сонымен қатар, депутат елімізде пиротехникалық құралдарды пайдалану мәселесі не Әкімшілік Кодекспен, не арнайы ережелермен нақты реттелменгенін, кімнің қай жерде, қалай фейерверктерді қолданып отырғанын бақылап жатқан ешкім жоқ екенін баса айтты.