Жаңалықтар

Қызылордада тергеу изоляторына әкелінген палау ішінен телефон табылды

Қызылордада тергеу изоляторына әкелінген палау ішінен телефон табылды

Қызылордада жергілікті тұрғын тергеу изоляторында қамауда отырған танысына сәлем-сауқатын алып келген. Cәлемдемені тексеру барысында оның ішінен рұқсат етілмеген заттар табылды. 

«Жергілікті тұрғын палау ішіне салып ұялы телефон, қазақстандық ұялы байланыс симкарталары мен 2 дана қуаттағыш құрылғысыны өткізбек болған. Оны фольга кағазына орап, тамақ ішіне жасырған. Қазіргі таңда аталған дерек бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 481-бабына сәйкес іс-құжаттары дайындалды. Ол процессуалдық шешім қабылдау үшін Қызылорда қалалық әкімшілік сотына жолданды», - деп мәлім етті Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің баспасөз хатшысы Дана Достанова.