«Қызылорда-Алматы» бағытындағы ұшақ Шымкентке шұғыл қонды
«Қызылорда-Алматы» бағытындағы ұшақ Шымкентке шұғыл қонды
Оқыс оқиғаға байланысты Air Astana компаниясы түсінік берді. «2020 жылғы 25 қыркүйекте «Air Astana» АҚ әуекомпаниясының тіркеу нөмірі Р4HA E290 әуе кемесі (Эмбраер-190) «Қызылорда - Алматы» бағыты бойынша KZR 986 рейсімен ұшып бара жатқанда диспетчерге техникалық себептермен Шымкент қаласының қосалқы әуеайлағына мәжбүрлі түрде қонғанын хабарлады. Ұшақ 17.51-де Шымкент қаласының әуежайына сәтті қонды. Әуе компаниясының алдын ала мәліметінше, түтін датчигі іске қосылған. Ұшу қауіпсіздігінің талаптарына сәйкес әуе кемесінің командирі қосалқы әуе айлағына қону жөнінде шешім қабылдады», – деді әуе компаниясынан. Air Astana инженерлік техникалық құрамы инспекция жасау үшін Шымкентке ұшып шықты. Жолаушыларды жеткізу ҚР заңнамасы бойынша тез арада шешіледі. Бұл дерек бойынша тексеру жүргізіледі.