Қазанда қатаң карантин енгізіле ме – министрлік жауабы
Қазанда қатаң карантин енгізіле ме – министрлік жауабы
"Бүгінде Қазақстанда орта есеппен ПТР арқылы ауырғандары расталған тұрғындар саны 500-600 адамды құрап отыр. Егер бұл көрсеткіш кенеттен 30 мыңға жетсе, бұл елде қатаң карантиндік шаралар енгізуге басты себеп болады", - дейді ресми өкіл. Бағдат Қожахметовтің сөзінше, отандық денсаулық сақтау жүйесі індеттің екінші толқынына тас-түйін дайын. Қажеттілік туындаған жағдайда министрлік Қазақстан ауруханаларында 70 мыңнан астам төсек-орын әзірлеуге қауқарлы дейді маман. Еске сала кетейік, өткен тәулікте елімізде 45 адамнан коронавирус анықталып, індет жұқтырғандардың жалпы саны 107 307-ге жетті. Індеттен 102 мыңға жуық адам емделіп шықты. 1671 науқас қайтыс болды. Ал әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 31 миллионға жуықтады. Індет құрбандарының саны 959 мыңнан асып жығылды.