Актриса Дариға Бадықовамен ресми түрде ажырасып кеткенін мәлімдеген Дархан Мұсаев жан сырын ақтарды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Ол 16 жыл бойы өнерден ойып орын алмағанын, сондай-ақ таланты мен өнерін тұншықтырып келгенін айтты.
«Сіздермен ішімдегі болып жатқан құбылыспен бөліскім келіп отыр.
Мамандығым өнер адамы бола тұра 16 жыл бойы өнерден ойып орын алмаппын, бойымдағы талантымды, өнерімді тұншықтырыппын.
Өзімді қолға алып, дем салдырып Руқия оқытқалы көзім ашылып өмірді басқаша сезіне бастадым.
Бұл емді маған айлап жалғастырды, себебі тұла бойымда тылсым күштердің кедергілері анықталды. Ал, оны тазалауға әжептеуір күш кетті. Қазір есімді жиып, өткеніме қарасам өкініш өзегімді өртейді, мені осындай дәрежеге түсіруге себепші болған жандарды, бір Құдайға тапсырдым», – деді Д. Мұсаев.
Еске сала кетейік, бұған дейін Дархан Мұсаев 16 жыл бірге ерлі-зайыпты ретінде өмір сүрген актриса Дариға Бадықовамен ажырасып кеткенін мәлімдеген болатын. Кейін Дархан Мұсаев отбасына қатысты тағы бір шындығын бөлісіп, жазба жариялаған болатын.