Студент тамақ әзірлеймін деп «мультиваркаға» бетін күйдіріп алған
Студент денесінің 20 пайызын күйдіріп алған.
Мәскеуде 17 жастағы студент «мультиваркада» тамақ әзірлеймін деп бетін күйдіріп алған, деп хабарлайды turkystan.kz
Ол тауық пен картоп қосылған тамақ әзірлемек болған. Құрылғыны іске қосқан соң, дайындалу уақытын белгілеп, өз жұмыстарымен айналысып жүрген. Кенет ол әлгі құрылғыдан бір дыбыстар шығып жатқанын естиді. Дереу ққақпағын ашқан кезде, бу көтеріліп, тамақ сыртқа төгілген. Нәтижесінде 17 жастағы жігіт бет, мойын және сол құлағын, жалпы айтқанда денесінің 20 пайызын күйдіріп алған. Ол реанимацияға жеткізілді.