Экономика

Қаржы пирамидасы: 234 адам 350 миллион теңгесінен айырылды

mobillegends.net

Алаяқтар азаматтарды Telegram арқылы тақырға отырғызды.

Қаржылық мониторинг агенттігінің Шығыс Қазақстан облыстық департаменті «Chia Tai - Tianqing Pharmaceutical» қаржы пирамидасын құру және басқару күдігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлады Turkystan.kz.

Фармацевтикалық компанияның атын жамылған алаяқтар 2022 жылдың қазанынан 2023 жылдың сәуіріне дейін Telegram мессенджері арқылы инвесторлардан ақша жинаған. Осылайша 234 адамның 350 млн теңгесін заңсыз иемденген. 

Азаматтарды алдап, Telegram арқылы тақырға отырғызған алаяқтар тергеліп жатыр.