«Қорқақтар аталық»: сәтсіз аударма көптің талқысына түсті
«Қорқақтар аталық»: сәтсіз аударма көптің талқысына түсті
Әлеуметтік желіде қате аударылған іш киім атауы жұрттың ашуын туғызды.
Бұл туралы журналист Ирина Советжанқызы әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Оның айтуынша, бұл ақпаратты журналиске оқырмандары жіберген.
«Астана және Қарағанды қаласындағы «Fix Price» дүкендеріндегі қазақ тіліндегі аудармалар, – деп келді. Масқара!» – деп жазды журналист.
Бұған дейін Kari киім-кешек дүкеніндегі сауатсыз аударма сынға қалған еді. Онда «Әйелдер қорқақтар», «аталықтар», «Туфлялер аталық», «шылпылдақтар бала», «қыз балалар үшін сандалдар бала», «Шәлкелер аталық» және т.б. қате аудармадан көз сүрінетіні туралы отандық БАҚ жазған болатын.