Президент Елтаңба авторын құттықтады

Президент Елтаңба авторын құттықтады

Президент Елтаңба авторын құттықтады
ашық дереккөзі

Биыл – Қазақстанның мемлекеттік рәміздерінің бекітілгеніне 30 жыл. Ал бүгін, Мемлекеттік Елтаңбасының авторы, қоғам қайраткері, белгілі сәулетші Жандарбек Мәлібекұлы 80 жасқа толып отыр деп хабарлады turkystan.kz Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли таратқан ақпаратқа сілтеме жасап.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жандарбек Мәлібекұлының мерейтойымен құттықтап, жылы лебізі мен ізгі тілегін жеткізді. Мемлекет басшысы өз құттықтауында Елтаңба авторының Тәуелсіз Қазақстан мен елорданы құру және дамыту ісіндегі сіңірген еңбегін атап өтіп, оған зор денсаулық, шығармашылық шабыт және отбасына бақ-береке тіледі» деп жазылған хабарламада.
Айта кетсек, Наурыз мейрамы қарсаңында Қасым-Жомарт Тоқаев Жандарбек Мәлібекұлын I дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттаған болатын. Тағы оқи отырыңыз: Қазақстан ТМД-дағы ең бақытты ел атанды