Ақтөбеде егде жастағы ерлі-зайыптылар тірідей өртеніп кетті

Алдын-ала ақпар бойынша өрт электр сымдарының тұйықталуынан болуы мүмкін

Ақтөбеде егде жастағы ерлі-зайыптылар тірідей өртеніп кетті
Zakon.kz

Олардың денелерін шақыртуға келген өрт сөндірушілер тапқан, деп хабарлады turkystan.kz Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.  

Оқыс оқиға Ақтөбе қаласындағы саяжайлардың бірінде болған. Үйдің түтіндеп жатқанын құтқарушыларға көршілер хабарлапты. Өрт сөндірушілер жеткенше айналадағы адамдар тілсіз жауды өшіруге тырысқан. Бірақ талаптары сәтсіз болыпты. Ал өрт сөндірушілер жеткенде қызыл жалын үйді түгелдей шарпып алған. Өрт сөндіргенмен үй иелерінен аман алып қалу мүмкін болмаған. Қос зейнеткердің денесі жалын басылғанда күл астынан табылған.

Сол маңдағылардың айтуынша, қос қария мұнда біраздан бері өмір сүріпті. Алдын-ала ақпар бойынша өрт электр сымдарының тұйықталуынан болуы мүмкін.   

Осы үйден сегіз бірлік және оттегі баллондары алынды. Өрттің ықтимал себебі электр сымының розеткаға қосылған пештен қысқа тұйықталуы болды, - деді Ақтөбе қаласы, Астана ауданы ТЖ бөлімінің бастығы Данарбек Иманғазин.