Қостанай облысы Қарасу ауданының тұрғындары егістіктердің бірінен шұңқырды байқаған, деп хабарлады turkystan.kz.
Аудан әкімдігінің мәліметінше, шұңқыр табиғи әсерден пайда болған.
«Ауылшаруашылық жерінде мөлшері 3х4 метр және тереңдігі 10 м-ге дейін шұңқыр пайда болды. Жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын мен судың көп мөлшеріне байланысты, сондай-ақ биылғы су тасқынына орай жер толығымен сіңірген. Салдарынан жер асты сулары да әсер ете отырып, топырақ жібіп, жер астына опырылған», – делінген хабарламада.