Кәрім Мәсімовті тергеу ісі қалай жүргізілетіні белгілі болды
Кәрім Мәсімовті тергеу ісі қалай жүргізілетіні белгілі болды
Мемлекетке опаздық жасау, билікті күшпен басып алу бойынша айып тағылған ҰҚК-нің экс-төрағасы Кәрім Мәсімов пен оның орынбасары Әнуар Садықұлов тергеу кезінде қамауға алынған, деп хабарлады turkystan.kz ria.ru-ға сілтеме жасап.
«К.Қ. Мәсімовке және А.Т. Садықұловқа қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланған. Е.Д. Ерғожинге қатысты бұлтартпау шарасын қолдану мәселесі қаралу үстінде», – делінген РИА Новости ақпарат агенттігінің жолданған сауалына ресми жауапта.
Сонымен қатар, ҰҚК қылмыстық іс материалдарына «өте құпия» грифі берілгенін хабарлады. Қылмыстық-процесуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеу деректері жариялауға жатпайды.
Тағы оқи отырыңыз: «Таза сатқындық!»: ҰҚК-нің экс-басшысы Дүтбаев Мәсімовтің ісіне пікір білдірді
Мәсімовтің ҰҚК-де қанша қаржы жұмсағаны белгілі болды
«Мәсімов елдің басшысына қарсы болды» – ардагер генерал