«Таза сатқындық!»: ҰҚК-нің экс-басшысы Дүтбаев Мәсімовтің ісіне пікір білдірді

«Таза сатқындық!»: ҰҚК-нің экс-басшысы Дүтбаев Мәсімовтің ісіне пікір білдірді

«Таза сатқындық!»: ҰҚК-нің экс-басшысы Дүтбаев Мәсімовтің ісіне пікір білдірді
ашық дереккөзі
2001-2006 жылдар аралығында ҰҚК-нің басшысы болған Нартай Дүтбаев Кәрім Мәсімовке қатысты қозғалған қылмыстық іс бойынша түсініктеме берді, деп хабарлады turkystan.kz orda.kz-ке сілтеме жасап. Дүтбаевтың айтуынша, 4 қаңтарда ҰҚК облыстық департаменттерге жағдайға араласпау және тек бақылау жасау туралы бұйрықпен команда жібергені туралы ақпарат сенімді.
«5 қаңтарда түс кезінде барлығына келесі ескертуге дейін үйлеріне қайтсын деген бұйрық түсті. Істерді өртеп, бәрін құртып, нысандарды жапты. Бұл - таза сатқындық! Өйткені, Ішкі істер министрлігінде, ҰҚК-де мұндай кезде не істеу керектігі туралы… Азаматтардың өміріне қауіп төнсе, мемлекеттік мекемелерді өртейтіндей жағдай болса, бекітілген жоспар бар. Ол жерде күштер қалай бөлінеді, кім қайда болу керек, не істеу керектігі жазылған. Бұл жоспарлар жүзеге асатын болса, қауіпсіздік күштері алдын ала бекітілген алгоритм бойынша әрекет етуі керек еді. Мен үшін бұл үлкен жұмбақ болып қала береді, оның жауабын әлі таба алмай келемін. Қалайша бүкіл ҰҚК ұйымдасқан қылмысты білмеді? Олар наразылыққа үшінші күштің шығатынын білуі керек еді. Жедел ақпарат міндетті түрде билікке түсуі керек еді. Мұндай ақпарат болмағанына сене алмаймын», - деді ол.
Дүтбаев атап өткендей, Мәсімов ҰҚК төрағасы қызметіне кірісу арқылы бұрын ақпарат жинақталған комитеттің талдау бөлімдерін жойған.
«Біз Мемлекет басшысына арналған ситуациялық бөлме деп аталатын бөлмені құруға тырыстық. Онда ақпарат ағыны, алгоритмдер, бағдарламалық қамтамасыз ету, техникалық құралдар заманауи деңгейде көру үшін әзірленді. Тек құпия ақпараттан ғана емес, сонымен қатар ашық көздерден де. Бірақ бұл заттар көміліп қалды», - деді Дүтбаев.
Сонымен бірге, ол ҰҚК-нің барлық қызметкерлеріне бірдей күйе жағып, оларды Отанын сатушылар демеуге шақырды.
«Мен өз еліне адал, ұлттық қауіпсіздікті шынымен қорғайтын, өмірлерін осыған арнаған көптеген жақсы жедел қызметкерлерді білемін»,- деп түйіндеді сөзін Дүтбаев.
Нартай Дүтбаевты ҰҚК 2016 жылы желтоқсанда ҚР Қылмыстық кодексінің «Мемлекеттік құпияларды жария ету» және «Билік пен өкілеттік шегінен шығу» бабы бойынша қылмыс жасады деген күдікпен ұстаған болатын. Бір жыл өткен соң ол 7,5 жылға бас бостандығынан айырылды. 2020 жылы Дүтбаев шартты түрде мерзімінен бұрын босатылды.