Тегін WI-FI қаншалықты сенімді?
Тегін WI-FI қаншалықты сенімді?
Қоғамдық орындарда тегін WI-FI көрсек, қуанышымыз қойнымызға сыймайды. Жұмысымызды тез бітіру үшін, тегін желіге қосылуға асыққанымыз соншалық жеке деректеріді қолды болып жатқанына бейғам қараймыз. Алайда қорғалмаған желінің қаупі жоғары.
Тиімсіз, яғни қорғалмаған желі ешқандай құпия сөз сұрамайды. Деректердің қауіпсіздіктеріне жауап бермейді. Мамандардың айтуынша, тегін желіге қосылған адамның жеке деректерінің 70%-ы қолды болу қаупі бар. Тегін желіге қосылғанда банк карточкаларымен онлайн сауда жасауға мүлде болмайды. Хакердің жұмысы жеңілдеп, айласын іске асырып, жеке адамның дерегін жылдам тарата алады. Тегін желіге қызықпаған жөн, өйткені зияны көп.