Жаңалықтар

7 мың теңге үшін қарияны соққыға жыққан

ашық дереккөзі

7 мың теңге үшін қарияны соққыға жыққан

Риддер қалалық ауруханасына 70 жастағы қала тұрғыны дене жарақаттарымен травматология бөліміне түскені туралы полиция бөлімі хабарлады. Жәбірленушінің айтуынша, 14 қаңтарда шамамен кешкі сағат 22:00 кезінде үйіне бетперде киген белгісіз екі ер адам кіріп, зейнеткерді соққыға жыққан. Содан кейін бар-жоғы 7000 теңге ақшасын ұрлап кеткен. – Жедел іздестіру іс-шаралары барысында Риддер қаласының криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері, ШҚО полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп, 33 және 44 жастағы күдіктілерді ұстады. Қылмыскерлер өз кінәсін мойындады, – деп хабарлайды ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев. Қылмыскерлер Риддер қаласының ПБ-ның уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР ҚК 192-бабы 3-бөлімі (Қарақшылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.