Маңғыстау облысында атыс қаруынан жараланған екі жігіт қайтыс болды, деп хабарлайды «Хабар 24». Оқыс оқиға кеше Атамекен ауылындағы дүкен жанында болған. Мұнайлы аудандық полиция бөліміне жергілікті уақытпен сағат 20.10-да шақырту түседі. Кеудесіне оқ тиген ер адамдар өңірлік ауруханаға жеткізілді. Олар ауруханада көз жұмды. Қазіргі таңда екі күдікті «Қасақана кісі өлтіру» бабы бойынша тергеліп жатыр. Тағы бірнеше адам іздестірілуде.
Жүктелуде...