Ресейлік танымал рэперге іздеу жарияланды

Ресейлік әртіске қарсы қылмыстық іс қозғалды.

Ресейлік танымал рэперге іздеу жарияланды
bfm.ru

Ресей Ішкі істер министрлігі рэпер Оксимиронға іздеу жарияланды. 

Әртіске қарсы қылмыстық іс қозғалған. Алайда, істің не себепті қозғалғаны әлі белгісіз. Оксимиронның деректері, Ресей Федерациясының ІІМ сайтында іздеуде жүрген қылмыскерлер бөлімінде пайда болды.

Айта кетейік, Ресей Федерациясының Әділет министрлігі рэперді 2022 жылдың қазан айында шетелдік агент деп таныды.