ШҚО-да өрт қауіпсіздігі ережесін сақтамаған 4 адам жауапқа тартылды

Шөптер мен қоқыстардың 100-ден астам өрті тіркелді.

ШҚО-да өрт қауіпсіздігі ережесін сақтамаған 4 адам жауапқа тартылды
ҚР ТЖМ

Шығыс Қазақстан облысында өрттің қауіпті кезеңі басталды. Оның басынан бастап шөптер мен қоқыстардың 100-ден астам өрті тіркелді.

ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, мобильді топ өрттің қауіпті кезеңінің басынан бастап 58 кәсіби рейд өткізіп, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамағаны үшін 4 азаматты әкімшілік жауакершілікке тартты.

ТЖМ өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды еске салады.