Түркістан облысында жастар жаппай төбелесті

Видео авторының айтуынша, жаппай төбелес Атакент ауылында болған

Түркістан облысында жастар жаппай төбелесті
Видеодан алынған кадр

Түркістан облысының Мақтаарал ауданында жаппай төбелес болды. Куәгерлер оқиғаны видеоға түсіріп алған, деп хабарлады turkystan.kz.

Ulysmedia.kz мәліметінше, әлеуметтік желілердегі кадрларда бірнеше адам төбелескені көрінеді. Олар бірін-бірі таяқпен, жұдырықпен ұрады және тепкілейді. 

Видео авторының айтуынша, жаппай төбелес Атакент ауылында болған.

Түркістан облыстық Полиция департаменті бұл оқиғаға түсініктеме берді.

Түркістан облысының полициясы Мақтаарал ауданының ауылдарының бірінде жастардың бұзақылық әрекеттерін тоқтатты. Қазіргі уақытта күдіктілер ұсталды. Қылмыстық іс қозғалды. Барлық жағдайлар анықталып жатыр, - делінген хабарламада.