Бразилияда коронавирус құрбандарының саны 150 мыңнан асып жығылды

Бразилияда коронавирус құрбандарының саны 150 мыңнан асып жығылды

Бразилияда коронавирус құрбандарының саны 150 мыңнан асып жығылды
ашық дереккөзі
Бразилияда бір тәулік ішінде коронавирустан 559 адам көз жұмып, індет құрбандарының жалпы саны 150 198 адамға жетті. Бұл туралы елдің денсаулық сақтау министрлігі жариялады, деп хабарлайды ТАСС Пандемия басталғалы елде індет жұқтырғандардың жалпы саны 5 082 637-ге жетіп отыр. Өткен тәулікте  26 749 адамнан қатерлі вирус анықталған. Ведомствоның мәліметі бойынша ауруға шалдыққандардың 85%-дан астамы (4 453 722) сауығып шыққан, тағы 478 717 адам дәрігерлердің бақылауында. Айта кетейік, Бразилияда коронавирус жұқтырудың алғашқы дерегі 26 ақпанда тіркелген. Бүгінде мемлекет індет жұқтырғандар саны жөнінен әлем бойынша АҚШ пен Үндістаннан кейін үшінші орында. Ал індет құрбандарының саны жөнінен АҚШ-тан кейінгі екінші орында тұр. Еске сала кетсек, өткен тәулікте әлемде коронавирус індетін жұқтырғандың саны жөнінен тағы да рекордтық көрсеткіш тіркелді. ДДСҰ мәліметінше, бір тәулік ішінде 383 359 адамнан індет анықталған. 24 сағат ішінде коронавирустан 8575 адам көз жұмды.