Шаңғы спорты бойынша чемпионат өтті

Десантты-шабуылдаушы әскерінде шаңғы спорты бойынша чемпионат өтті. Сарыөзек гарнизонында шаңғы спорты бойынша десантты-шабуылдаушы әскерінің чемпионаты екі түрлі жарысты қоса алғанда 5 шақырым эстафета және 10 шақырым марш-жүгірісті тапсырумен аяқталды.

dc461135 41f7 4e6d 9c5d c727781d0585

Жарыс армиялық шаңғы және әскери киімде өткізілді. Сонымен қатар , ер-десанттықтармен бірге қыздар да теңдей жүгіруге қатысты. Алматы, Қапшағай, Сарыөзек, Талдықорған, Жаркент гарнизондарынан шаңғы жарысына барлығы 10 команда қатысты.
Десант – әмбебап сарбаз. Ол барлығын білуге, меңгеруге міндетті. Оның ішінде парашютпен секіруге, орманнан аласпай шығуға, қоян- ұрысты меңгере білуі тиіс, – деді десантты-шабуылдаушы әскердің дене дайындығы және спорт бөлімінің бастығы подполковник Андрей Кузнецов.
Аталған жарыс бойынша жалпы командалық жеңісте Талдықорған гарнизонының 18404 әскери бөлімі бас жүлделі болды. Екінші орынды 12740 әскери бөлімі иеленсе, күміс жүлдені 29108 әскери бөлімі қанжығасына байлады. Десантты-шабуылдаушы әскерінің чемпионатының жеңімпаздары Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері чемпионатына қатысады. Мұндай шаралар одан әрі жалғасын табады.

Back to top button