Нұрсұлтан Назарбаев: Әрбір қазақстандықтың өмірінде өзгеріс бар

Нұрсұлтан Назарбаев: Әрбір қазақстандықтың өмірінде өзгеріс бар

Нұрсұлтан Назарбаев: Әрбір қазақстандықтың өмірінде өзгеріс бар
ашық дереккөзі

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың айтуынша, бүгінгі күні халықтың басым бөлігі Қазақстанда бұрын-соңды болмаған деңгейде өмір сүруде. Мұндай пікірін Мемлекет басшысы "Бес әлеуметтік бастама – қоғамның әлеуметтік бірлігінің тұғыры" деген күн тәртібімен өтіп жатқан Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVI сессиясында айтты. 

"Қаңтарда бүкіләлемдік экономикалық форумда мемлекеттердің экономикасын бағалаудың жаңа жүйесі енгізілді. Ол эксклюзивтік дамудың индексі деп аталады. Бұл жүйе ішкі жалпы өнім өсімі мен басқа 11 параметрді негізге алады, оның ішінде денсаулық сақтау, білім, ел азаматтарының көңіл-күйі бар. Осы рейтингте дамушы 74 мемлекеттің ішінде Қазақстан 15-ші орынды иеленді", — деді Нұрсұлтан Назарбаев. Мемлекет басшысы бұл біздің орасан жұмысымыздың лайықты нәтижесі екенін атап өтті. Назарбаев қазақстандықтар еліміздің табыстары мен өзінің әл-ауқаты арасындағы тікелей байланысты айқын көріп отыр деген сенімін білдірді. "Жиырма бірінші ғасырдың басында біз қандай едік? Бүгінгі күнмен салыстырғанда айырмашылық үлкен. Менің ойымша, бұл әрқайсымыздың өмірімізден сезіледі. Қазір әрбір отбасында дерлік көлік бар, кейбіреуінде бірнеше көліктен. Терезеден қарап отырып, әрбір қазақстандықтың өмірінен өзгеріс көресің. Әрине, біз әлі көмек көрсетуіміз қажет адамдар бар. Бірақ, халықтың басым бөлігі қазір Қазақстанда бұрын-соңды өмір сүрмеген деңгейде тұрып жатыр", — деді сессияда президент.