Австрия Астана ЭКСПО-2017» көрмесінде ерекше назарда болды

Австрия Астана ЭКСПО-2017» көрмесінде ерекше назарда болды

Австрия Астана ЭКСПО-2017» көрмесінде ерекше назарда болды
ашық дереккөзі

Бүгін «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында Австрияның Ұлттық күні – сол күннің ең басты және жарқын оқиғасы болды. Ұлттық күн ту көтеру және ұлттық әнұрандарды орындау ресми салтанатымен, сонымен қатар Австрия мен Қазақстанның ресми үкімет делегациялары өкілдерінің құттықтау сөздерімен басталды. - Қазақстан – Австрияның Орталық Азиядағы маңыздылығы жоғары серіктесі.  ЭКСПО көрмесі аясында Қазақстан астанасы Астана «Болашақтың энергиясы» тақырыбы бойынша жаңа идеялармен және шешімдермен алмасу үшін ең қолайлы алаңға айналды. ЭКСПО – ақпараттандыру, шабыттандыру және қарым-қатынас жасау үшін керемет орын, - деп, Австрия Республикасы делегациясының басшысы, Австрия ғылым, зерттеулер және экономикасының Вице-Министрі Бернадетте Гирлингер атап өтті. Ресми салтанаттан кейін қонақтар австриялық, қазақстандық және басқа да халықаралық павильондарды қарап шықты. Көптеген келушілер байқағандай, Австрия павильоны – күтпеген, креативті түрде ұсынылған ең керемет әрі әсерлі павильондардың бірі. Экспозиция әрқайсысы жаңартылған энергия көздерімен байланысқан инновациялардың жиынтығымен келушілерді қарсы алады. Көрменің «Болашақтың энергиясы – бұл біз және сіз!» ұранын қолдана отырып, келушілерге қызықты болуы үшін Австриялық архитекторлар командасы нағыз ойын алаңын жасады. Мысалға, Австрия туралы бейнені көру үшін жеткілікті электр қуатын жинау үшін павильонға келген қонақтарға бірнеше велосипедті бірге айдау ұсынылады. Австриялық павильонның жаны күш машинасы деп аталатын машина болып табылады, онда әр түрлі құрылғылар мен тетіктердің көмегімен келушілер ойын түрінде энергияны сезіне алады. Күш машинасы әр қонақтың қабілеттері мен мүмкіндіктерін ашады және, энергияға ұқыпты қараудың қажеттілігін ұғынуға көмектеседі, осылайша, Австрияның бүкіл шығармашылық әлеуетін ұсына отырып, өзінің ноу-хауымен, технологияларымен және өнерімен барлық келушілерге керемет әсер қалдырады. Австрия экономикасы палатасының Вице-президенті және ЭКСПО 2017 жөніндегі Австрия Үкіметінің комиссары Рихард Шенц белгілеп атап өткендей, Австрияның «Астана ЭКСПО 2017» халықаралық көрмесіне қатысуы – бұл Австрияны ежелгі Жібек жолын қалпына келтіру бойынша қытай жобасы тұрғысынан мықты экономикалық және сауда серіктесі ретінде көрсету мүмкіндігі болып табылады.