«Жалға алған»: Астанада пәтер иесін сабаған жігітке қатысты қылмыстық іс қозғалды

Бүгін, 09:00 / Алуа Арман
istockphoto.com

Астана полициясы өзі жалға алған пәтердің иесін ұрып-соққан 22 жастағы жігітті ұстады. Денсаулыққа қасақана зиян келтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Полиция қызметкерлерінің анықтауынша, күдікті пәтерді жалға алғанымен, оны белгіленген мерзімде босатпаған.

Пәтер иесімен арада жанжал туындаған кезде ол әйелге балағат сөздер айтып, дене жарақаттарын салған.

«Күдіктінің жеке басын анықтап, оны ұстадық. Денсаулыққа қасақана зиян келтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды», – деп хабарлады Астана қалалық полиция департаменті.

Балағат сөздер айту арқылы ұсақ бұзақылық жасағаны үшін сот ер адамға 30 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасын тағайындады.

Қазіргі уақытта тергеу жалғасып жатыр.

Тэгтер:

пәтер жалдау