Белгілі боксшы Махмұд Сабырхан ХХ Жазғы Азия ойындарының жартылай финалында қарсыласына есе жіберіп, қола медаль иеленді. Боксшы жарыстан кейін сұхбат беріп, ойын айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Бірінші раунд кішкене қиын болды. Екі мен үшті ұтқан болатынмын. Одан бір рет 3:2 есебімен жеңілгенмін. Қазір жеңгендей едім, бірақ үшінші раундта құшақтап, ұпайын алып тастады. Неге оған бергенін білмеймін. Қолымнан келгеннің бәрін істедім. Бұл жарыстан чемпион болып қайтамын деген ойда болғам. Өкінішке орай, бір төреші қарсыласыма беріп жіберді», – деді ол.