Қазақстандық қыздар шахмат Олимпиадасының фаворитімен кездесті

24 қыркүйек, 2026 / Жамбыл Жайлау
Michal Walusza / Norway Chess

Самарқандта өтіп жатқан 46-шы шахмат Олимпиадасының сегізінші турында Қазақстан әйелдер құрамасы 2024 жылғы Олимпиада чемпионы Үндістанмен кездесіп, 2:2 есебімен тең түсті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Екінші тақтада ойнаған Алуа Нұрман Үндістан құрамасының өкілі Рамешбабу Вайшалиді жеңіп, Қазақстанды алға шығарды.

Бірінші тақтада Бибісара Асаубаева Конеру Хампимен тең ойнаса, Меруерт Камалиденова мен Дивья Дешмух арасындағы партия да жеңімпазды анықтаған жоқ.

Ал төртінші тақтадағы шешуші кездесуде Елназ Қалиахмет Үндістан өкілі Савита Шри Баскардан жеңіліп қалды. Нәтижесінде жалпы есеп 2:2 болды.

Матч нәтижелері:

Сегіз турдан кейін Қытай құрамасы 15 ұпаймен жеке-дара көш бастап тұр. Қазақстан 14 ұпаймен екінші орында келеді. Моңғолия мен Армения құрамаларында да 14 ұпайдан бар.

Қытай сегізінші турда Грузияны 2,5:1,5 есебімен жеңді.

Тэгтер:

Олимпиада шахмат