Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Халықаралық шахмат федерациясының 2026 жылғы қыркүйек айына арналған жаңартылған рейтингінде бесінші орнын сақтап қалды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Жаңа тізім бойынша қазақстандық спортшының еншісінде 2536 рейтингтік ұпай бар. Алдыңғы рейтингпен салыстырғанда Асаубаева екі ұпай жоғалтқанымен, әлемнің үздік бес шахматшысының қатарындағы орнын сақтап отыр.
Әйелдер арасындағы рейтингтің көш басында Қытай өкілі Цзюй Вэньцзюнь тұр. Одан кейін Тань Чжунъи, Лэй Тинцзе және Чжу Цзиньэр орналасқан.
Ал Бибісара Асаубаева бесінші орынға жайғасып, үздік бестікке енген жалғыз қазақстандық шахматшы атанды.
2026 жылғы қыркүйектегі әйелдер арасындағы FIDE рейтингінің үздік бестігі:
- Цзюй Вэньцзюнь – Қытай
- Тань Чжунъи – Қытай
- Лэй Тинцзе – Қытай
- Чжу Цзиньэр – Қытай
- Бибісара Асаубаева – Қазақстан.