Қызылорда облысында атаулы әлеуметтік көмекті заңсыз алғандар анықталды

Бүгін, 15:36 / Алуа Арман
istockphoto.com

Байқоңыр қаласының прокуратурасы атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау кезінде заңнама талаптарының сақталуына жүргізілген талдау нәтижесінде бірқатар заң бұзушылықтар анықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Атап айтқанда, табысын жасыру арқылы атаулы әлеуметтік көмек заңсыз тағайындалған 6 адамға мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен жалпы сомасы 2,6 млн теңге артық төленген.

Прокурорлық қадағалау актісі нәтижесінде заң бұзушылықтар жойылып, 2 азаматтан мемлекеттік бюджетке 553 233 теңге өндірілді. Қалған тұлғаларға қатысты артық төленген қаражатты өндіру мәселесі сот тәртібімен қаралуда.

Мемлекеттік әлеуметтік қолдау шараларының заңды әрі мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз ету прокуратура органдарының тұрақты бақылауында.

Тэгтер:

атаулы әлеуметтік көмек