Ақсу тұрғыны үйін қоқысқа толтырған көршісін сотқа берді

Бүгін, 09:53 / Алуа Арман
istockphoto.com

Көршілер арасындағы қоқысқа толы пәтерге байланысты дау медиациялық келісіммен аяқталды. Жауапкер қоқысты өз еркімен шығарып, тұрғын үйді тиісті санитарлық жағдайға келтіруге міндеттенді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Соттың хабарлауынша, У. есімді азамат өзі тұратын көпқабатты үйде тұратын көршісі В. есімді азаматқа қарсы талап арызбен жүгінген. Талапкердің айтуынша, ер адам ұзақ уақыт бойы өз пәтеріне түрлі заттар мен бұйымдарды жинай берген. Соның салдарынан тұрғын үйдің қоқыс пен затқа толып кеткені соншалық, көршісі өз мүддесін қорғау үшін сотқа жүгінуге шешім қабылдаған.

Талапкер пәтер иесін тұрғын үйді қоқыстан толық тазартуға және заңбұзушылықтарды жоюға міндеттеуді сұрады.

«Сот талқылауы барысында тараптар медиациялық келісімге келді. Жауапкер пәтерді қоқыстан өз еркімен тазалап, оны тиісті санитарлық жағдайға келтіруге міндеттенді. Тараптардың келісімге келуіне байланысты іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды», – деп атап өтті ведомство.

Сот ұйғарымы заңды күшіне енді.

Тэгтер:

пәтер Ақсу қоқыс көрші