Отбасы банкі жыл соңына дейін 8,8 мыңнан астам пәтер бөледі – Ләззат Ибрагимова

Бүгін, 12:09 / Алуа Арман
istockphoto.com

Отбасы банкі процестерді цифрландыру есебінен кезекте тұрғандар үшін тұрғын үйді бөлу қарқынын үш есеге арттырды. Ұлттық даму институты мәртебесінде жұмыс істеген алғашқы жылы 23,5 мың отбасы пәтер кілтін алды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы Үкімет отырысында «Отбасы банкі» АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова мәлімдеді.

«Жыл соңына дейін құны 130 млрд теңге болатын тағы 8812 кредиттік пәтерді бөлу жоспарлануда. Цифрландырудың арқасында біз жыл сайынғы тұрғын үйді бөлу қарқынын үш есеге арттырдық. Салыстыру үшін айтсам: бұрын әкімдіктер жылына 7 мыңға жуық пәтер бөлетін, ал бұл жұмыспен жалпы саны 700 қызметкер айналысатын еді. Отбасы банкінде мұны тек 20 маман ғана шешеді», — деді Ләззат Ибрагимова.

Барлығы 1,5 жыл ішінде Отбасы банкінің қолдауымен кезекте тұрған 40 мың отбасы тұрғын үй алды.

 

 

Тэгтер:

Баспана пәтер Отбасы банк Ләззат Ибрагимова