Атбасар тұрғыны көршісін пышақтап, қансыраған күйінде сыртынан құлыптап кетіп қалған

Бүгін, 10:29 / Алуа Арман
istockphoto.com

Атбасарда полиция қызметкерлеріне пәтердің есігін бұзып кіріп, 58 жастағы зардап шеккен әйелге көмектесті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Әйел ес-түссіз жатқан. Оның іш тұсына көптеген пышақ жарақаты салынған. Зардап шеккен әйел ауруханаға жеткізілді. Алдын ала мәлімет бойынша, көршісі жәбірленушіні жарақаттап, пәтердің есігін сыртынан жауып, пышақты өзімен бірге алып кетіп қалған.

Ақмола облысының полиция департаменті денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

«Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Тэгтер:

пәтер көрші Атбасар пышақтау