Блогер Bota Mia аламан бәйгеде қазақ шабандоздың орнына шауып, 3-орын алған қырғыз балаға тұлпар сыйлады (ВИДЕО)

Бүгін, 16:13 / Дана Ізтілеуова
видеодан скриншот

Bota Mia лақап атымен танымал блогер Ақбота Нұрахын жуырда «Ыстықкөл кубогі – 2026» халықаралық аламан бәйгесінде аттан құлаған қазақ шабандозының орнына шауып, ақыр соңында 3-орын иеленген қырғыз балаға тұлпар сыйлады, деп хабарлайды turkystan.kz.

"Мен осы күнге дейін Қырғызстанның мәдениеті мен медиа-индустриясын Қазақстанға әрдайым үлкен құрметпен таныстырып келемін. Қырғызстандағы жаңа әндер, клиптер, кинолар, сән индустриясындағы жаңалықтар болсын бәрін Қазақстандағы оқырманға бөлісіп келемін. Қырғызстан туралы әрдайым мақтанышпен айтып жүремін!

"Жақында кішкентай қырғыз баласының қазақ баласына көрсеткен кеңдігі мен адамгершілігіне бүкіл ел куә болды. Бұл – қазақ пен қырғыз халқының бауырластығын дәлелдеген үлкен өнеге. Сондықтан мен құр сөзбен емес, іспен құрмет көрсеткім келеді. Сосновка ауылына барып, кішкентай батыр шабандозға өзімнің құрметімнің белгісі ретінде тұлпар сыйлағым келді.

Екі елдің арасына ешқашан сызат түспесін.

Қазақ пен Қырғыздың достығы әрдайым берік болып, бауырластығымыз мәңгі жасай берсін!", – дейді блогер.

Еске сала кетейік, Ақбота Нұрахын Бішкекте өткен іс-шаралардың бірінде Қырғызстан туралы аңдамай сөйлеймін деп басы дауға қалған-тын. Қырғызстандағы белсенді желі қолданушылары 

блогердің Instagram-дағы жеке парақшасына жаппай шағым түсіріп, ақырында оның парақшасы бұғатталып қалған-тын.

Тэгтер:

Аламан бәйге Бота Миа Ақбота Нұрахын Bota Mia