Бейнеу ауданында төрт ауыл алкогольден бас тартты

Бүгін, 14:05 / Алуа Арман
istockphoto.com

«Айқын нәтиже» жобасын іске асыру аясында Бейнеу ауданы прокуратурасының бастамасымен Есет, Төлеп, Тұрыш және Тәжен ауылдары «Алкогольсіз ауылдар» қатарына қосылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Аталған елді мекендерде 2,6 мыңнан астам адам тұрады. Олар қауіпсіз әрі қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыруға бағытталған бастаманы қолдады. 

Жоба аясында ауыл тұрғындары мен кәсіпкерлер алкоголь өнімдерін сатудан және тұтынудан ерікті түрде бас тартып, қауіпсіз қоғам қалыптастыруға өз үлестерін қосты. 

Бұл бастама қоғамдық тәртіпті нығайтуға, құқық бұзушылықтардың, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың және алкогольдік масаң күйде жасалатын қылмыстардың алдын алуға, сондай-ақ тұрғындар арасында салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыруға бағытталған. 

Осындай бастамаларды іске асыру тұрғындардың өз елді мекендеріндегі қоғамдық тәртіпті сақтауға деген жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді.

Тэгтер:

Ауыл алкоголь Бейнеу