«Мұрат Қожа қыздарымен араласпайды»: Айман Нұразхан жеке өмірі жайлы сыр шертті

Бүгін, 15:33 / Алуа Арман
видеодан скриншот

Продюсер, кинотанушы Айман Нұразхан «Кездесу» подкастына сұхбат беріп, жеке өмірі жайлы сөз қозғады. Ол бұрынғы жары, белгілі әнші Мұрат Қожаның өзінің үш қызымен араласпайтынын да жеткізді, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Бір рет қана ғашық болған адаммын. Қыздарымның әкесіне. Мұрат Қожамен ажырасқанымызға 12 жылдан асты. Әзірше табиғатқа ғашық болып жүрмін. Қайтадан ғашық болу үшін үлкен жұмыс керек. Жүрек қайтадан орнына келу керек. Мені жылату өте қиын. Жылаған күндер де, түндер де болды. Бірақ жылағанымды ешкімге көрсетпеймін. Бұрынғы жолдасыммен араласпаймыз. Арасында концерттік бағдарламаларда көріп қалған кезде амандасамыз. Яғни ол менің қыздарыммен араласпайды. Бұған дейін ол кісіге «аралас, хабарын біліп қой» деп айтқанмын. Бірақ ол кісі жақтан әрекет болмады. Қайын атаммен әлі күнге дейін араласамын, соған қуанамын. Марқұм енемнің қайтқанына он жыл болды. Жақында үш қызымды сол кісінің басына алып бардым. Ол кісіні өте жақсы көрдім. Қыздарым сол кезде атасымен көрісті», - дейді ол.

Тэгтер:

Ажырасу Мұрат Қожа Айман Нұразхан