Балқаш жағалауында батпақта қалып қойған 15 адам құтқарылды

Бүгін, 15:06 / Алуа Арман
видеодан скриншот

Өткен түні Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданында, Балқаш көлінің жағалауында демалушылардың көліктері батпаққа батып қалған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Төрт жеңіл автокөлік жағалаудың құмды учаскесінде батпаққа батып, шыға алмай қалған. Төрт көліктің ішінде 15 адам, оның ішінде 8 бала болған.

Оқиға орнына келген Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері жедел эвакуация жұмыстарын жүргізіп, автокөліктерді жолдың қауіпсіз бөлігіне сүйреп шығарды.

Зардап шеккендер жоқ. Ешкімге медициналық көмек қажет болған жоқ.

 

Тэгтер:

көлік Балқаш жағалау көл батпақ