«Дос ретінде бірге жүрсе екен»: Жазира Байырбекова Тұрсынбек пен Мөлдір туралы

Бүгін, 10:45 / Інжу Әлихан
youtube

Әнші Жазира Байырбекова Тұрсынбек Қабатов пен Мөлдір Мұқанованың қарым-қатынасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ол Мөлдір Мұқанованың үш баласының қуанышына орай ұйымдастырған тойына шақырылған болатын. Өнер иесі балаларының қуанышты сәттерінде Мөлдір мен Тұрсынбекті ең болмаса дос ретінде бірге көргісі келгенін айтты.

«Мөлдір мен Тұрсынбек екеуі де тойда болса екен. Ең болмаса дос ретінде, балалардың алдында, олардың әр қуанышында бірге болса екен. Бірге көрсек екен деп армандап отырмын.

Тұрсынбекті де, Мөлдірді де құрметтеймін, сыйлаймын. Екеуі де өте жақсы адамдар. Білмеймін, шын жүректен соны тілеп отырмын. Балалары үшін бас қосып тұрса екен», - деді Ж. Байырбекова.

Тэгтер:

Тұрсынбек Қабатов Мөлдір Мұқан