«Сенбеңіздер»: Жігер Ауыпбаев отбасына қатысты тараған қауесетті жоққа шығарды

Бүгін, 10:45 / Інжу Әлихан
Instagram/jiger_auypbaev_official. Сурет жасанды интеллект арқылы жасалған

Жуырда ғана екінші рет үйленген әнші Жігер Ауыпбаев жұбайының жүкті екені туралы тараған қауесетке пікір білдірді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ол әзірге мұндай ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтып, жұртты жалған ақпаратқа сенбеуге шақырды. Сондай-ақ қуанышты жаңалық болса, оны ең алдымен өзі жариялайтынын айтты.

«Threads әлеуметтік желісіне кіріп қалсам, бізге гендер пати (баланың жынысын анықтау кеші) жасап тастапты.

Бұйырса осы күнге жетейік. Бірақ алып-қашпа әңгімелерге сенбеңіздер!

Көтергенін немесе көтермегенін менен артық білетін жан жоқ. Сондықтан өсекке ермеңіздер. Осындай жақсы жаңалық болып жатса, ең бірінші өзім сүйінші сұраймын.

Аман болайық! Құшақтадым бәріңізді», – деді ол.

Тэгтер:

Әйелі Жігер Ауыпбаев