Қаржылық мониторинг агенттігінің өңірлердегі басшылары тағайындалды

Бүгін, 15:12 / Алуа Арман

Қаржылық мониторинг агенттігінің 8 облыстағы департаменттерінің басшылары тағайындалды. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Президент Әкімшілігінің келісімі бойынша Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының бұйрығымен:

Генерал-майор Балғабаев Ерболат Темірболатұлы – Маңғыстау облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы лауазымына;

Полковник Тюмелиев Еркін Амангелдіұлы – Ақмола облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы лауазымына;

Полковник Есенов Ерік Өмірбекұлы – Ақтөбе облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы лауазымына;

Полковник Бөкешев Дастан Балтабайұлы – Жетісу облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы лауазымына;

Полковник Құрақбаев Дархан Ғалымтайұлы – Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы лауазымына;

Полковник Абулхаиров Бақытжан Рахманұлы – Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы лауазымына;

Подполковник Төлеутай Нұраби Рашидұлы – Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы лауазымына;

Подполковник Балғалиев Сабырғали Базарғалиұлы – Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы лауазымына тағайындалды.

Тэгтер:

Қаржылық мониторинг агенттігі