Алматы қаласының прокуратурасы азаматтарды заңсыз тіркеген заңсыз көші-қон фактісін анықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Наурызбай ауданында тұратын пәтер иесі сыйақыға 990 адамды бір бөлмелі пәтерге тіркеген. Ол адамдар шын мәнінде ол пәтерде тұрмаған.
Наурызбай ауданының прокуратурасы ҚР ҚК-нің 394-бабымен (заңсыз көші-қонды ұйымдастыру) тіркеген қылмыстық іс бойынша сот «Резеңке пәтердің» иесіне қатысты айыптау үкімін шығарып, 1 жылға бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындады.
Қала прокуратурасы қылмыстық және әкімшілік жауаптылықты болдырмау мақсатында көші-қон заңнамасын сақтау қажеттігі туралы ескертеді.