Қостанай облысының Лисаковск қаласында адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Қостанай облысы Полиция департаментінің мәліметінше, Toyota Land Cruiser Prado автокөлігінің жүргізушісі бұрылу маневрін жасау кезінде жаяу жүргіншіні қағып кеткен.
«Алған жарақаттарының салдарынан жаяу жүргінші медициналық мекемеде қайтыс болды», – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Аталған жол-көлік оқиғасы бойынша полиция сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы мен себептері анықталуда, қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.