Қарағанды облысында қаржы пирамидасына қатысты үш қылмыстық іс тіркелді

Бүгін, 17:08 / Алуа Арман
istockphoto.com

Қарағанды облысының прокуратурасы биыл қаржы пирамидаларын құру және оларға басшылық ету фактілері бойынша 3 қылмыстық іс тіркеді. Алдын ала мәліметтер бойынша заңсыз схемаға 400-ден астам салымшы тартылған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұған дейін, 2025 жылы 4 сотқа дейінгі тергеп-тексеру тіркелген. Заңсыз қызметтің салдарынан 50-ден астам азамат зардап шегіп, келтірілген жалпы залал 67 миллион теңгеден асты.

Мысалы, Қарағанды облысының аумағында әрекет еткен «Takorp» қаржы пирамидасы.

Ұйымдастырушылар азаматтарды қаражат салынған соманың 100 пайызына дейін жылдам табыс табуға болады деген уәдемен тартқан. Сыйақы мөлшері жаңа қатысушыларды тартуға және олардың жүйедегі белсенділігіне байланысты болған.

Тергеу барысында күдіктілерден 32 мың АҚШ долларынан астам сомаға криптовалютаға тыйым салынды.

Сот үкімімен азамат «М» Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 217-бабы 2-бөлігінің 1) және 4) тармақтары бойынша кінәлідеп танылып, оған 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды (үкім заңды күшіне енген жоқ).

Қарағанды облысының прокуратурасы азаматтарды сақ болуға, кепілдендірілген жоғары табыс туралы уәделерге сенбеуге, сондай-ақ қаражат салмас бұрын ұйымдардың қызметінің заңдылығын мұқият тексеруге шақырады.

 

Тэгтер:

қылмыстық іс Қарағанды облысы Қаржы пирамидасы